374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Артем Захаров екінші қола медалін иеленді

  • 146
  • UPD: 18:03, 30.08.2018
Азиада-2018: Артем Захаров екінші қола медалін иеленді

Велотрекші Артем Захаров омниум бағдарламасы бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

Омниумда төрт қашықтық бойынша жарыс өтеді. Захаров бәсеке басталғалы бері үздік үштіктен көрініп отырды. 

Тіпті, ұпай беретін соңғы жарыста ол бірнеше рет көш басында болған еді. Алайда жалпы ұпайды есепке алғанда Артем үшінші орынға табан тіреді. Захаровтың еншісінде 112 ұпай бар.

Бұл сында 119 ұпай жинаған жапондық Эйя Хашимото жеңімпаз атанды. Гонконгтық Винг Люнг 114 ұпаймен екінші орында. 

Еске сала кетейік, бұл – Захаровтың Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. 

Осы категория бойынша: « Дидар Хамза – дзюдодан Азия ойындарының чемпионы Азия ойындары: Қазақстанның эстафеталық құрамасы үздік үштікке енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы