365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы: «Астана» футбол командасының келесі қарсыласы бүгін белгілі болады

  • 370
  • UPD: 07:35, 31.08.2018

«Астана» футбол командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Өз алаңында кипрлік «Апоэлді» қабылдаған елордалық аяқдопшылар негізгі уақытта 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тартысты өтті. Матчтың он алтыншы минутында қарсыластар тәртіп бұзып, төреші «Апоэлдің» қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. «Астана» командасының белді ойыншысы Педро Энрике бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, кипрліктердің қақпасына гол соқты. Кездесудегі есеп теңесті. Апта бұрын астаналықтардың қарсыластарына есе жібергені естеріңізде болар. Енді «Астана» Еуропа лигасының негізгі жарысына жолдама алды. Бүгін жеребе арқылы топтық сында доп тебетін қарсыластарын біледі. Ендеше елорда жұрты қысқа дейін футбол көреді.

Осы категория бойынша: « «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды Азия ойындары 2018: 31 тамызға арналған жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы