370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байдарка мен каноэ: Қазақстандық спортшылар финалға өтті

  • 137
Байдарка мен каноэ: Қазақстандық спортшылар финалға өтті olympic.kz

Бүгін байдарка мен каноэде есуден қазақстандықтар іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz

200 метрге байдаркамен жарысуда Сергей Токарницкий финалға өтті. Ол 36.219 уақыт көрсеткішімен іріктеуді бірінші орынмен аяқтады. 

Сондай-ақ Инна Клинова да іріктеуден соң топ басында тұр. Ол 42.942 нәтижесімен іріктеуден кейін бірінші орында. 

Зоя Ананченко мен Ирина Подойникова екі адамдық байдаркада финалда бақ сынайды. 

З. Ананченко, И. Подойникова, В. Копьева және И. Клинова төрттігі де жүлдеге таоасады. 

Каноешілер Тимур Хайдарова пен Мерей Медетов те Азия ойындарының финалында өнер көрсетеді. Светлана Усова да іріктеуден өтті. 

Финалдық бәсеке ертең, 1 қыркүйек күні өтеді.

Осы категория бойынша: « Лука Модрич Еуропаның ең үздік футболшысы атанды Азия ойындары 2018: Гүлжан Исанова мен Ислам Бозбаев қола жүлдеге таласады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы