374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады

  • 303
  • UPD: 07:21, 01.09.2018
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады vesti.kz

Тура бір аптадан кейін Станимир Стойлов баптайтын жерлестеріміз Грузия құрамасымен кездеседі.

Айта кету керек, бұл УЕФА тарихында жаңадан пайда болған турнирдің ең алғашқы матчы болмақ. Сондықтан қос құрама да алдағы ойынға тыңғылықты әзірлік жүргізіп жатыр. Бас бапкердің айтуынша, ұлттық құрамада жарақат алғандар жоқ. Бірақ кейбір футболшыларда ойын тәжірибесі аз. Соған сәйкес физикалық және психологиялық бабын шыңдау керек. «Грузия құрамасындағы танымал аяқдопшылардан сескенбеймін», – дейді. Жасыл алаңдағы тартыста жеке шеберлік емес, командалық ойын шешуші рөл атқаратынын алға тартты. Ұлттар лигасының алғашқы матч 6 қыркүейек күні «Астана-Аренада» өтеді.

Станимир Стойлов, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Алаң иесі өзіміз. Сондықтан қарсыластың ойын мәнеріне қарай жауап іздеуге тырыспаймыз. Матч басынан басымдықты өз қолымызға алып, өз жоспарымызды жүзеге асырмақпыз. Жігіттерге тұрақты ойын көрсету керектігін айттым. Өйткені одан кейін де маңызды кездесулер күтіп тұр. Бұндай турнирлерде барынша бірқалыпты және сенімді өнер көрсеткендер ғана топ жарады.

Осы категория бойынша: « Самбошы Бағлан Ибрагим еліміздің қоржынына 12-алтын медальді салды Азия ойындары 2018: 1 қыркүйекке арналған жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы