367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Әрбір қателігі үшін жазалаймын» – Альварес Головкинге құрметі қалмағанын айтады

  • 1346
  • UPD: 10:08, 03.09.2018
«Әрбір қателігі үшін жазалаймын» – Альварес Головкинге құрметі қалмағанын айтады © sport.bigmir.net

Мексикалық GGG-ді көп сөздігі үшін айыптады.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жуырда БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде жыл басындағы допинг жағдайын қазақстандық Геннадий Головкин мен командасының тым көп сөз еткені туралы қайт сұрай бастады. Дегенмен мексикалық бұл сұраққа тура жауап бермеді, - деп vRINGe.com-ға сілтеме жасап, Vesti.kz хабарлайды.

«Тыңдаңыздаршы, оларға не керегін, осымен неге жетпегін білмеймін. Маған керегі тезірек рингке жету мен жеңіс. Оны әрбір қателігі үшін жазалаймын. Оған деген құрметімнің жоғалғаны менің боксшы ретінде мықтырақ екенімді дәлелдеуге ынталандыра түсті», - дейді ол.

Оның айтуынша, допингке қарсы агенттік мамандары оған уақытын айтпай-ақ келе береді.

«Оның үстіне бұған келіскенмін, ешкім де міндеттемеген», - деп келтіреді Альварестің сөзін World Boxing News. Сәуірдің сол күнінен бастап олар 15-20 шақты рет келді, әлі де келеді. Дайынмын. Бұл бағдарламаға 2012 жылдан бері қатысып келемін десе де болады».

Ал өзінің танымалдылығы мен Мексикадағы атағы тәртібіне жауаптылық арта ма деген сұраққа Сауль мұны мақұлдап, әрдайым сабырлы және тәртіпке бағынатынын айтып жауап берді.

«Канело» мен Головкиннің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Тура бір жыл бұрын T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Ол кезде көптеген бокс жанкүйерлері мен шолушылар Головкин жеңіске жету керек болды деген ой айтқан.

Осы категория бойынша: « «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Ресей премьер-лигасындағы алғашқы ойынын өткізді Апта соңында «Қайрат» Аршавинің бұрынғы командасымен ойын өткізеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы