370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Ни Ильин мен Чиншанлоның спортқа оралуына қатысты ойын айтты

  • 224
  • UPD: 18:19, 03.09.2018
Алексей Ни Ильин мен Чиншанлоның спортқа оралуына қатысты ойын айтты wfrk.kz

Спортшылар шеттетілгеннен бері алғаш рет жарысқа қатысты.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни ел чемпионаты қорытындысы бойынша бұл спорт көшбасшыларының мүмкіндіктеріне баға берді. Vesti.kz-ке берген сұхбатында ол Зульфия Чиншанло, Илья Ильин, Рустем Сыбай және басқалар туралы пікірін айтты.

«Ауыр атлетикадан түсінігі бар көрермен ретінде айтайын. Жастардың бұл күндері өзін көрсете алғаны қуантты. Ильин өнер көрсетті. Ильин өзін қайта таныта алды, ұзақ үзілістен оралып, бес ай ғана жаттықса да.

Салмақ дәрежелерін де есепке алу керек. Кейбірі өзгерістерді жеңіл қабылдар, кейбірі олай емес. Бәрі әлем чемпионатында белгілі болады. Барлығын тәжірибелік жыл күтіп тұр.

Чиншанло үшін 55 келі – ең тамаша салмақ. Ол да көптен көрінбеді, помостты сезіну керек болды. Бес ай жаттықанына баға берсек, оралғандардың нәтижелері өте жақсы. Тартысты көру маңызды еді.

Жаттығуын тоқтатпағандар – Сыбай өзін жақсы көрсетті. Ол үнемі еңбектенеді, барын салып. Ильинмен шиеленіс жасамақ болды. Жауынгерлік мінезін танытты. Аль Ильин ол – кез келген қалыпта Ильин», - дейді Ни.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатында Ильин мен Чиншанлоның спортқа оралуы болды. Спортшылар 55 және 102 келі салмақта алтын иеленді.

Осы категория бойынша: « Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы «алтынға» қол жеткізді Астанада теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы