365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды

  • 266
  • UPD: 21:19, 03.09.2018

Индонезияда жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары 15 алтын, 17 күміс және 46 қола медаль ұтып, жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға жайғасты.

Құрлықтағы кезекті кешенді сайыс төрт жылдан кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. 

Астанада теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық Азия чемпионаты басталды. Екінші мәрте ұйымдастырылған турнирдің өтуіне Қазақстан теннис федерациясы ұйытқы болды. Тіпті қауымдастық президенті Болат Өтемұратов әлемнің бес құрлығында өтетін сайысқа 2 миллион АҚШ долларын бөліпті. Бұл туралы бүгін команда капитаны Диас Досқараев мәлімдеді. Жарысқа Азияның 13 елінен командалар келді. Жеребе ойынша Қазақстан балалары Қытай, Таиланд, Непал және Ливанмен Б тобының мықтысын анықтайды.

Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясы президентінің орынбасары:

- 12 жасқа дейін кішкентай жасөспірім балаларға осындай жарыс болмаған. Бірақ осындай жарыстар өте маңызды, кішкентай кезінен балалар тәжірибе алуға, нәтиже көрсетуге, сыртқа шығуға басқа елге, сондықтан осы жарыс бізге маңызды.     

Астана өз тарихында алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионатын қабылдайды. Байрақты бәсеке 6-9 қыркүйек аралығында елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Оған 20 елден 800-ден аса спортшы қатысады. Оның ішінде әлемнің үздігі саналатын Бразилия, Ресей, Польша, Франция және АҚШ құрамасы да бар. Әлем чемпионаты балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер арасында өтеді.

Парижді бетке алған Қазақстандық велоспортшылар Германияға жетті. 16 адамнан құралған топта спортшылардан бөлек еріктілер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар осы уақыт аралығында 3 жарым мың шақырымды артқа тастады. Астанадан бастау алған велошерудің мақсаты салауаты өмір салтын насихаттап, көпшілікке әлеуметтік экотуризмнің маңыздылығын паш ету.

Осы категория бойынша: « Алексей Ни Ильин мен Чиншанлоның спортқа оралуына қатысты ойын айтты Зағип және көру қабілеті нашар спортшылар велоқұрамасы Берлинге жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы