365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиадада топ жарған су добынан ерлер құрамасы елге оралды

  • 194
  • UPD: 08:06, 04.09.2018

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Индонезиядан өткен Азия ойындарынан бас жүлдені жеңіп алып елге оралды.

Бүгін Алматы әуежайында чемпиондарды құрметпен қарсы алды. Естеріңізге салайық, Азиаданың ақтық сынында ел жігіттері Жапония құрмасымен кездесіп, 8:7 есебімен жеңіске жетті. Тарих беттеріне үңілсек, ватерполшыларымыз 6 рет чемпион атанған. Тек Дохадағы Азия ойындарында 3-орында иеленген.

Мирас Әубәкіров, ҚР құрамасының мүшесі:

- Жақсы, осы дәрежеге жеткенімізге өте қуаныштымын. Ойын өте қиын болды. Азия ойындарында жеңіл ойындар болған жоқ.

Осы категория бойынша: « Еліміз Көшпенділер ойындарында 7 «алтынмен» көш бастады Месси 12 жылда алғаш рет үздік ойыншы атағына үміткерлер тізімінде жоқ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы