368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC басшысы Головкиннің Альвареске неге соқтыға беретінін түсіндірді

  • 151
  • UPD: 10:43, 04.09.2018
WBC басшысы Головкиннің Альвареске неге соқтыға беретінін түсіндірді © MMABoxing

Ол қазақстандықтың бұл мінезіне таңданды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман бұрын қарсыластарына трэштокинг қолданбаған WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) келгендегі мінезіне таң қалысын білдірді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазақстандықтың қарсыласын сынай бастауының себебі Альварестің допинг дауына ілігіп, 5 мамырға белгіленген жекпе-жектің өтпей қалуы. Осыдан кейін тараптар 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек туралы келіссөздері ауыр өтті.

«Бұл кезеңде Головкинді жаңа қырынан көріп отырмыз. Ол бірнеше ауыр жылды басынан өткерді, ал қарымта бойынша келіссөздер өте қиын өтті. Бұл оның Альварестен кейінгі екінші орында, оның көлеңкесінде жүргендей сезінгенінен болса керек.

Головкиннің бұл сындары Альварестің шамына тиіп, жекпе-жек кезінде оған әсер етуі мүмкін. Мұны жұдырықтасу кезінде көрерміз. Жанжал допинг дауынан басталды, бірақ, Геннадийдің бұл зат туралы мәліметі аз болды. Өте ашулы болуы да содан. Содан бері ауры сөздер айтыла бастады», - деп келтіреді Сулейманның сөзін BoxingScene.com.

Осы категория бойынша: « Месси 12 жылда алғаш рет үздік ойыншы атағына үміткерлер тізімінде жоқ Қазақ күресі III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны бағдарламасында »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы