365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ күресі III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны бағдарламасында

  • 207
  • UPD: 13:10, 04.09.2018
Қазақ күресі III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны бағдарламасында

Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында 2018 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында өтетін III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы төрешілерге семинар өткізді.

Семинарға Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бірінші вице-президенті Серік Адамұлы Тукиев және UWW-дің (Біріккен күрес қауымдастығының) техникалық директоры Онур Шимшек қатысты.

Семинарды Азия құрлығы «Қазақ күресі» федерациясының  бас хатшысы Хабиров Рафаэль жүргізді. Семинар барысында қазақ күресінен техникалық іс-шара қойылымдары, ұлттық күресіміздің әдіс-тәсілдері, қазақ күресінің формасы және қазақ күресі туралы бейнебаян көрсетілді. Қазақ күресі ережелерінің өзекті мәселелері талқыланды.

Жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы тағайындалды. Бас төреші болып UWW-дің (Біріккен күрес қауымдастығының) бас координаторы Голландиядан келген ХД төреші Эдмар Абдуллаев тағайындалды. Жарыстың бас хатшысы болып Беларусь мемлекетінен келген Шараев Александр бекітілді. Жарыста төрешілік жасайтын Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Германия, Голландия, Беларусь елдерінің халықаралық дәрежедегі төрешілері. Төрешілер арасында Лондонда өткен XXX жазғы олимпида ойындарының еркін күрестен әйелдер арасында қола жүлдегері, ХД төреші Радкевич Юлия бар. Жарыс үш салмақ (70 кг, 90 кг, + 90кг) дәрежесінде өтеді. III Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 82 мемлекеттен спортшылар шақырылды.

Осы категория бойынша: « WBC басшысы Головкиннің Альвареске неге соқтыға беретінін түсіндірді «Канелоның» бапкері Головкинді есекке теңеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы