365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азия ойындарында көзге түскен үздік бес спортшы кім?

  • 191
Азия ойындарында көзге түскен үздік бес спортшы кім? olympic.kz

Джакартадағы Азия ойындары көптеген қазақстандық спортшылардың томағасын сыпырды. Бұл додада еліміздегі жас таланттар тұңғыш жүлдесін иеленіп, үлкен спорттағы қадамын бастаған болатын.

Olympic.kz Азия ойындарындағы үздік жас спортшылардың бестігін ұсынды.

Жүзуден жүлде алған Әділбек Мусин қазақ балаларының да спорттың бұл түріне икемді екенін дәлелдей алды. Дмитрий Баландин салған сүрлеуге енді Әділбек те қосылды. Джакарта төрінде 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлде иеленіп, командалық эстафетада үздік үштікке енген Мусинге бүгінде барша қазақстандықтар тілеулес болып отыр. Көптеген жанкүйер Әділбектің Баландин секілді Олимпиададан медаль алатынына сенімді.

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Алина жақында ғана Азия чемпионатынды топ жарған болатын. Араға көп уақыт салмай командалық және жекелей сында Азиада жеңімпазы атанды. 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан Оңтүстік Корея мен Өзбекстан гимнастарын алға жіберген болатын. Әділханова мен оның командасы төрт жыл бұрын қолдан сусып кеткен жүлдені қайтарып алды. Еліміздегі көркем гимнастика мектебінің өкілін алда әрі талай ірі жарыстар күтіп тұр. Әлия Юсупованың шәкіртінің ендігі басты мақсаты – 2020 жылғы Токио Олимпиадасында өнер көрсету.

Самбо ресми түрде Олимпиада бағдарламасына енген жоқ. Десе де, бұл спортқа деген жанкүйер ықыласы ерекше. Джакаратадағы Азия ойындарында самбошылар бәсекесіне деген қызығушылық жоғары болды. Ал бұл сында Қазақстан намысын қорғап, ел әнұранын шырқатқан Бағлан Ибрагимнің ерлігін көп ешкім біле бермейді. Бағлан алғашқы кездесуде мұрнын сындырып алғанына қарамастан, Азия ойындарында жеңіске жетті. Финалда ол моңғолиялық әккі қарсыласынан ұтылып жатып, жеңісті жұлып алған боларын.

Азия ойындарында триатлоншы Аян Бейсенбаев күміс жүлдеге қол созды. Джакартадағы құрлық додасы басталғанға дейін Аянды триатлон спортын жіті қадағалайтын жанкүйерлер ғана танитын. Азиада аяқталған соң, отандық жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары Аянның алтынға теңдессіз күмісі туралы қуана хабарлады. Шыны керек, қазақстандық спортшылардың триатлоннан жүлде алмағанына көп болған. Аян бұл олқылықтың орнын толтырып, Азия ойындарының тұғырына көтерілді.

Дзюдошы Дидар Хамзадан Азия ойындарында жүлде күткендер аз еді. Рио Олимпиадасына қатысқан соң, Дидардың қандай да бір жеңісі туралы хабар естілген жоқ. Десе де, дзюдошының жұлдызы Азия ойындарында жанды. 81 келіде сынға түскен Дидар әлемдік рейтингтің көшбасшысын жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Осы категория бойынша: « «Қайрат» – «Зенит» кездесуінің билеттері екі сағатта таратылып кеткен Нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы