369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды

  • 444
  • UPD: 16:07, 05.09.2018
Ақтөбелік спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды

Ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы Көшпенділер ойындарында белбеу күресінен қола жүлдеге ие болды.

Қырғызстан елінің Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы 62 келі салмақ дәрежесінде белбеу күресінен қола жүлдені иеленді.

Әділет бірінші белдесуінде Өзбекстан елінің спортшысын айқын басымдылықпен жеңді. Алайда жартылай финалда Түркіменстан өкілінен 2:1есебімен жеңілілді. Ал қола жүлде үшін күресте қырғыз балуанынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, 2 қыркүйек күні Қырғызстан елінде ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бастау алды. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-ға жуық спортшы атлеттер келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түсіп жатыр.

Ақпарат көзі: Ақтөбе облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Қазақстандық жанкүйерлер UFC жекпе-жектерін тамашалай алады Грэпплингтен әлем чемпионатына 800-ге жуық қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы