374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грэпплингтен әлем чемпионатына 800-ге жуық қатысады

  • 182
  • UPD: 17:17, 05.09.2018
Грэпплингтен әлем чемпионатына 800-ге жуық қатысады

Грэпплингтен Астанада өтетін әлем чемпионатына 200-ден аса қазақстандық спортшы қатысады.

Бұл өзіндік рекорд болып саналады. Байрақты бәсекеге 20 елден 800-ге жуық жекпе-жек шебері келді. Қазір спортшылар елордада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Чемпионат ертең басталады және 4 күнге созылады. Ұлттық құрама спортшылары республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жасақталды. Ал ерлер командасы жуырда өткен «Қазақ батыры» бәсекесінде іріктеліп алынды. Қазақстан әлемдік додада жалпыкомандалық бірінші орынды алуды көздеп отыр.

Владислав Мухортов, грэпплингтен ұлттық құрама мүшесі:

- Күніне 2 рет жаттығу жасап жатырмыз. Таңертең және кешке. Енді бір апта қалды. Соған байланысты соңғы апта бір-бір дайындықтан болып жатыр. Өзімді дайын сезіп жүрмін.

Осы категория бойынша: « Ақтөбелік спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды Мұхамедиұлы Азиададағы Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы