374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

World Nomad Games: Қазақ күресінің мықтылары анықталды

  • 239
  • UPD: 19:39, 05.09.2018
World Nomad Games: Қазақ күресінің мықтылары анықталды

Қырғыз елінде өтіп жатқан көшпенділер ойындарының кезекті жарыс күні біздің спортшылар түрлі дәрежедегі 13 жүлде ұтып алды. Екеуі алтын медаль. Қос алтынды қазақ күресінің балуандары еншіледі. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 9 алтын, 9 күміс, 14 қоламен үшінші орынға жайғасты.

Шолпан-Атадағы көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күні қазақ күресінің мықтылары анықталды. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мен Біріккен күрес әлемі ұйытқы болған боз кілем бәсекесіне 23 елден балуандар келді. Білекті жігіттер 70, 90 және аса ауыр салмақта белдесті. Қазақ елінің намысын Әбілқайыр Мәуленов пен Ерсұлтан Мұзафаров және Нұрдәулет Жарылғапов қорғады. Біздің балуандар екі салмақта бас жүлде иеленді. 70 келідегі Әбілқайыр Мәуленов пен 90 келі салмақтағы Ерсұлтан Мұзафаров көшпенділер ойындарының чемпионы атанса, Нұрдәулет Жарылғапов қола жүлдеге қол созды. 

Серік Түкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары:

- Қазір қазақ күресінің балуандары қай елде болса да, Азия мен Еуропада жақсы дамып жатыр деп айтуға болады. Біздің федерациядағы 52 мемлекеттің балуандары қазақ балуандарымен, моңғол балуандарымен, өзбек, қырғыз балуандарымен бірдей өнер көрсетіп жүр.

Футбол. Қазақстан мен Грузия командалары кездеседі

Ертең «Астана-аренада» Қазақстан мен Грузия құрамалары арасында УЕФА ұлттар лигасының алғашқы ойыны өтеді. Құрлықтағы жаңа ресми турнирде 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамалары да сарапқа салынады.

Владимир Вайстен тәлім алатын грузиндер Қазақстанмен болатын ойынға дайындықтарын Тбилисиде пысықтады. Бас бапкер ұлттар лигасы аясындағы кездесуге 22 футболшыны шақырды. Бұл тізімде жарақатына байланысты жартылай қорғаушы Ананидзе мен қақпашы Макаридзе жоқ.

Грэпплинг. Әлем чемпионатына дайындық

Грэпплингтен Астанада өтетін әлем чемпионатына 200-ден аса қазақстандық спортшы қатысады. Бұл өзіндік рекорд болып саналады. Елордадағы сайысқа 20 елден 800-ге жуық жекпе-жек келді. Қазір спортшылар Астанада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әлем чемпионаты ертең басталады және 4 күнге созылады. Қазақстан әлемдік додада жалпыкомандалық бірінші орынды алуды көздеп отыр.

Осы категория бойынша: « Мұхамедиұлы Азиададағы Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты Мырзағали Айтжанов боксшыларымыздың не себепті алтынсыз қалғанын түсіндірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы