367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин реванш алдында төрешілерге қатысты пікір білдірді

  • 167
  • UPD: 10:50, 06.09.2018
Головкин реванш алдында төрешілерге қатысты пікір білдірді eviewjournal.com

Головкин төрешілер әділ шешім қабылдайды деп сенеді.

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) 15 қыркүйекте мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін реванш алдында мексикалықтың жекпе-жекте қолын бинтпен орауы мен төрешілік жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Альварестің қолы қалай оралғанын көре алмадым. Оның қолы бинтпен нақты қалай оралғанын білмей жұдырықтастым», - деді Головкин телефон арқылы өткен баспасөз конференциясы барысында.

«Судьялар жайлы айтатын болсақ, біз оларға әсер ете алмаймыз. Біз тек олар тек әділ шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Осыған дейінгі төрешілерге қарағанда білікті және адекват болады деп сенемін».

Басылымның мәліметінше, Альварестің жекпе-жек кезінде қолын бинтпен орауы мәселесін Головкиннің бапкері Абель Санчес көтерген. Санчес мексикалықтың бірінші жекпе-жек кезінде заңсыз әдісті қолданғанын айтқан. Алайда Неваданың комиссия өкілдері «Канело» мен оның бапкерлерінің әрекетінде ереже бұзушылық анықтамаған.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық велошабандозшылар DMZ турында топ жарды Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі Бостонда өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы