364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің бокс жұлдыздары Виктор Демьяненконы құттықтау үшін Алматыға келеді

  • 183
  • UPD: 12:26, 06.09.2018
Әлемнің бокс жұлдыздары Виктор Демьяненконы құттықтау үшін Алматыға келеді Prosports.kz

Тамыздың 26-ы күні бокстан Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, КСРО чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері Виктор Демьяненко 60 жасқа толды.

Ресми түрде мерекелік іс-шара 9 қыркүйек күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Алматыдағы бокс мектебінің түлегі Виктор Демьяненко спорттық  мансабында биік жетістіктерге қол жеткізген былғары қолғап шебері. Отандасымыз тек Одақта ғана емес, барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, ол қатысқан барлық жарыстарда қарсыласқа шақ келтірмеді. 1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Виктор Демьяненкоға алтын медальді жеңуге кейбір себептер кедергі болды. Соған қарамастан сол жылы Кеңес Одағының Бокс федерациясы Виктор Демьяненконы «КСРО-ның үздік боксшысы» атағымен марапаттады. Сонымен қатар осы атаққа Валерий Рачков (1978 ж.), Виктор Демьяненко, Серік Қонақбаев (1980 ж.), Серік Нұрқазов (1984) және Игорь Ружников (1989 ж.) ие болды.

Шараның ұйымдастырушылары Виктор Демьяненконың 60 жылдығына орай 9 қыркүйек күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 11:00-ден 14: 00-ге дейін есте қаларлық кездесуге шақырады. Спорттық шараға әр түрлі жылдардағы танымал былғары қолғап шеберлері қатысады деп күтілуде. Спорт сарайына кіру тегін болады.

Осы категория бойынша: « Хоккей: «Барыс» «Нефтехимикті» ойсырата ұтты Майк Тайсонды жеңген боксшы Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы