369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майк Тайсонды жеңген боксшы Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады

  • 326
  • UPD: 13:17, 06.09.2018

Леннокс Льюис 2002 жылы Мемфисте темір Тайсонды 8 раундта нокаутқа түсірген.

Әйгілі Майк Тайсонды жеңген британдық боксшы Леннокс Льюис орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Алғашқы жекпе-жек нәтижесі (төрешілер шешімі) қызық болған. Бұл жолы екеуінің бірі «менің төрешім – менің жұдырығым, қателікке жол жоқ» деп шығарына сенемін. Менің болжамым бойынша ол Головкин болу керек. GGG – нокаутқа түсірудің хас шебері. Осы жолы да көреміз деп сенемін. Жанкүйерлер бірінші жекпе-жекте-ақ «Канелоны» нокаутқа түсірге қауқарлы болғанын айтқан. Сондықтан бұл кездесу қызықты болмақ.

Головкин – ғажап боксшы. Ол қарсыласын нокаутқа түсірудің жолын біледі. «Канело» – ақылды боксшы. Жақсы жұдырықтасып, шаршы алаңда озбырлық жасай да алады. Бірінші жекпе-жекте боксшы ретінде сәтті жұдырықтасты. Мен оның бұлай шайқаса алатынын білмеппін. Екінші жекпе-жекте кім болатынын (боксшы, әлде тек шабуылдаушы, болмаса екеуі де) асыға күтемін», - деді Леннокс BT Sport телеарналар желісіне берген сұхбатында.

Леннокс Льюис 2002 жылы Мемфисте Майк Тайсонды 8 раундта нокаутпен жеңіп, WBC, IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалған болатын.

Майк Тайсонды екі рет жеңген жалғыз боксшы - Эвандер Холифилд. Екінші кездесуінде темір Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алған еді. Бұл оқиға бокс жанкүйерлерінің есінен әлі шыға қойған жоқ. Ал біздің айтпағымыз Эвандердің алдағы жекпе-жекке болжамы болмақ. 55 жасқа келген боксшы Геннадий Головкиннің жеңіске жетеріне сеніммен қарайды.

Осы категория бойынша: « Әлемнің бокс жұлдыздары Виктор Демьяненконы құттықтау үшін Алматыға келеді Неймар жаттығу кезінде Роналдудың әрекетін қайталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы