364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин – «Канело» жекпе-жегі мен бокс кешінің басталу уақыты белгілі болды

  • 567
  • UPD: 18:42, 07.09.2018
Головкин – «Канело» жекпе-жегі мен бокс кешінің басталу уақыты белгілі болды Головкин – «Канело» жепе-жегінің ресми постер

Соңғы андеркарт жекпе-жегінен кейін рингке оқиғаның басты боксшылары шығады. Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің алғашқы жепе-жегі мен PPV тікелей эфирі қашан басталатыны анықталды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Кештің басты оқиғасы – WBC, WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші рет жепе-жекке шығады.

Golden Boy промоутерлік компаниясында хабарлауынша, бірінші жекпе-жек қыркүйектің 15-інен 16-ына қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 3:00-де басталады. PPV тікелей эфирінің алдындағы кездесулер Facebook әлеуметтік желісінде көрсетіледі.

Америкалық HBO және шетел телеарналарындағы ақылы көрсетілім 16 қыркүйекте Астана уақыты бойынша таңғы 6:00-де басталады. Соңғы андеркарт жекпе-жегінен кейін рингке оқиғаның басты боксшылары шығады.

Головкин-Альварес бокс кешінде сегіз жекпе-жек жоспарланған. PPV трансляциясына Никарагуалық төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роман Гонсалес (46-2, 38 кило) пен мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО) тартысы, IBF-тің орташа салмақтағы бұрынғы чемпионы канадалық Дэвид Лемье (39-4, 33 КО) және ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) және WBO бойынша бірінші орташа салмақ дәрежесі чемпионы, мексикалық Хайме Мунгуяның (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) жекпе-жегі көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Головкин мен Алварес арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте сол алаңда тең нәтижемен аяқталған. Екінші ұрыста қазақстандық өзінің барлық титулын тігіп The Ring чемпионы болуға және WBC-дің арнайы белбеуін алуға мүмкіндігі бар.

Осы категория бойынша: « Марадона мексикалық клубты жаттықтырады «Барыс» екінші ойынын кіммен өткізеді? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы