370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» екінші ойынын кіммен өткізеді?

  • 162
  • UPD: 21:51, 07.09.2018
«Барыс» екінші ойынын кіммен өткізеді? vn.ru

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынын өткізеді.

Елорда командасы Қазан қаласында «Ақ барыспен» айдынға шығады. Кездесу кешкі онда басталады. Ал кеше Қазақстан құрамасының футболшылары Грузияға есе жіберіп, Ұлттар лигасы аталған жаңа турнирді жеңіліспен бастады. Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасын сәтсіз бастады. «Астана-аренада» Грузиямен алаңға шыққан Стойлов шәкірттері 0:2 есебімен ұтылып қалды. Д лигасының бірінші тобындағы екінші ойында Латвия мен Андорра тең тарасты. Қазақстан келесі ойынын 10 қыркүйекте сырт алаңда Андоррамен өткізеді.

 

Жағажай волейболынан жарыс басталды

Алматыда жағажай волейболынан қыздар мен ерлер командалары арасында ұлттық біріншілік басталды. Бұған дейін Қапшағай қаласында сынға түсіп келген волейболшылар енді Алматы қаласында жарыс көркін қыздырады. Алматы мен Алматы облысы волейбол федерациясы бірлесе ашқан спорт алаңы барлық талаптарға сай келеді. Сондықтан бұл жерде ел чемпионаты ғана емес болашақта халықаралық жарыстар да өтуі мүмкін. Қазақстан біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысып жатыр. Әзірге Талдықорғанның «Жетісуы» мен Алматының «Буревестник» командасы алда келеді. Чемпионат 10 қыркүйекте аяқталады. 

 

Өзбекстанда күрестен халықаралық турнир өтті

Ташкентте өзбек күресінен Президент кубогына арналған халықаралық турнир өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған белдесуге 40 елден 100-ге тарта балуан қатысты. Ауыр салмақтағы түйе балуандар сайысына қазақстандық Еркебұлан Абдулла да қатысып, ширек финалда жапониялық қарсыласына есе жіберді. Жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болатын турнирде өзбекстандық Шералы Жораев жеңіске жетті. Өзбектің күресі биылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгенін де айта кетейік.

 

«Вуэльта» көпкүндігі

«Вуэльта» көпкүндігінің 12-кезеңінен кейін жалпы есепте топ бастаған көшбасшы ауысты. Жарыстың бел ортасында қалың топтан 18 велоспортшы озып шығып, өзара кезең жеңімпазын анықтады. 181 шақырымдық сайыста француз Александр Женьенің жолы болды. Испания көпкүндігінде топ жарудан дәмелі мықтылардың бәрі де пелетонмен бірге келді. Олардың арасында «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес те бар. Колумбиялық велошабандоз сегізінші орында тұр. Ол «қызыл жейдені» киген Хесус Эррададан 3 минут 49 секундқта ұтылып келеді.

Осы категория бойынша: « Головкин – «Канело» жекпе-жегі мен бокс кешінің басталу уақыты белгілі болды Елордада Highvill кешенінің төбесіне баспалдақпен жүгіруден жарыс өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы