369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмағын өлшеді

  • 256
Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмағын өлшеді

Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен өтетін екінші кездесуіне жеті күн қалғанда салмақ өлшеуден өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннің салмағы – 163,8 фунт (74,3 келі). Салмақ өлшеу сәтінің суретін WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады.

Ұйымның ережесі бойынша, чемпион мен титулға үміткер кездесуге 30 және 7 күн қалған кезде салмақ өлшеуі тиіс. Барлық ұйым үшін ресми салмақ өлшеу кездесуге бір күн қалғанда өтеді. 

Еске сала кетейік, Альварес алғашқы кездесуде WBC үшін салмақ өлшеуден өтпеді, себебі чемпиондық белбеу тек Головкин үшін тігілген еді.

Кездесуден бір жыл өткенде боксшылар Лас-Вегаста тағы T-Mobile аренасында кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша таңертең 16 қыркүйекте өтеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Фируза Шарипова чемпиондық атағын қорғап қалды 14 жастағы спортшының есімі мәнерлеп сырғанаудың тарихына кірді (бейне) »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы