374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокс жұлдыздары Головкин мен Альварестің реваншына болжам жасады

  • 243
Бокс жұлдыздары Головкин мен Альварестің реваншына болжам жасады Tengrinews

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы ремачты көрсететін Ұлыбритания мен Ирландияның бірнеше спорттық арнасы бокс жұлдыздары мен сарапшылар арасында сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Сауалнамаға жауап берген тоғыз адамның сегізі жеңіске GGG жететініне сенімді.

«Біреу айтуы керек: «Жоқ, мен енді қателік жасамаймын. Жұдырығым менің төрешім болады». Менің ойымша мұны Головкин айтады», – деді Леннокс Льюис.

GGG-дің жеңетіні жайлы Билли Джо Сондерс, Лиам Смит пен Мартин Мюррей айтты. Тек Тайсон Фьюридің жауабы өзгеше болды. Алайда ол да «Альварес жеңеді», – деп отырған жоқ. «Жанкүйерлер жеңеді», – деді ол.

Айта кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы мықтыны анықтай алмаған еді.

Осы категория бойынша: « 14 жастағы спортшының есімі мәнерлеп сырғанаудың тарихына кірді (бейне) Gambit-тің қазіргі құрамы таратылуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы