374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипова мен Юлия Куценко жекпе-жегінің видеосы жарияланды

  • 179
  • UPD: 14:20, 09.09.2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова мен ресейлік Юлия Куценко жекпе-жегінің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды  Vesti.kz.

Айта кетейік, Шарипова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Отандасымыз Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде ресейлік боксшы қыз Юлия Куценконы жеңді.

Фируза Шарипова мен Юлия Куценко Club A2 аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Шаршы алаңдағы шайқаста басымдығын байқатқан Фируза жеңіске жетті.

Осы категория бойынша: « Gambit-тің қазіргі құрамы таратылуы мүмкін Еліміздің футбол құрамасы Андорра жеріне табан тіреді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы