369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан халқы Азиада ойындарының жеңімпаздарына ат мінгізді

  • 311
  • UPD: 21:22, 10.09.2018

 

Түркістан жұрты жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары Дидар Хамза мен Бағлан Ибрагимовке ат мінгізді.

Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі салтанатты іс-шарада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға құрмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Дидар Хамза дзюдодан Азия ойындарының чемпионы атанса, Бағлан Ибрагимов самбода қарсылас шақ келтірген жоқ.

 

Оңтүстік Кореяда нысана көздеуден әлем чемпионаты өтуде

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы іріктеу кезеңінде қазақстандық Андрей Худяков үздік нәтиже көрсетті. 18 жастағы мерген жігіт қозғалып тұратын нысананы он метрден дәл көздеп, іріктеу кезеңінде бірінші орынға шықты. Алайда екінші күнгі шешуші сында тоғызыншы орында қалып қойды. Кореядағы чемпионатқа 91 елдің 3400 спортшысы жиналды. Құралайды көзге атқан мергендер сайысы 15 қыркүйекте аяқталады.  

 

«Вуэльта» көпкүндігі: «Астана» үздіктер қатарында 

«Вуэльта» көпкүндігі шарықтау шегіне жетті. Үш күнге созылған таулы кезеңде нағыз мықтылар анықталды. Үздіктер қатарында «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес те бар. Колумбиялық велоспортшы соңғы екі кезеңде көзге түсті. Алдымен 14-кезеңде мәре сызығын екінші болып қиған «Астана» жігіті кешегі сайыста та осы нәтижесін қайталады. 178 шақырымдық сында француз Тибо Пино жеңіске жетті. 15-кезеңнен кейін жалпы есепте британиялық Саймон Йетс топ бастады. Испаниялық Алехандро Вальверде екінші, ал колумбиялық Наиро Кинтана үшінші орында келеді. «Астана» капитаны Лопес көшбасшыдан 43 секунд ұтылып, төртінші орынға жайғасты. Бүгін «Вуэльтада» демалыс. Гранд-тур жарысы алдағы жексенбіде аяқталады.

 

Новак Джокович Us Open турнирінде топ жарды

Сербиялық теннисші Новак Джокович Америка ашық біріншілігінде топ жарды. Финалда ол аргентиналық Хуан Мартин Дель Потродан басым түсті. Үш сағат 15 минутқа созылған ойынның қорытынды есебі – 6:3, 7:6, 6:3. Джокович Америка ашық чемпионатында үшінші мәрте жеңіске жетті. Биыл ол «Уимблдон» турнирінде де топ жарғанын айта кетейік. Сербиялық теннисшінің «үлкен шлем» турнирлерінде ұтқан жүлдесі 14-ке жетті. Әйелдер арасындағы сайыстың финалында жапон қызы Наоми Осака корт иесі Серена Уильямстың осал тұсын тапты. Есеп – 6:2,6:4.

Осы категория бойынша: « Футбол: Қазақстан Андорра командасынан үш ұпай олжалауды көздейді Астанада өткен стритболдан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы