365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абель Санчес Головкиннің бокстан қашан кететінін айтты

  • 228
  • UPD: 12:28, 12.09.2018
Абель Санчес Головкиннің бокстан қашан кететінін айтты Prosports.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес FightHub порталына берген сұхбатында боксшының алдағы жекпе-жектері жайында айтты.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста Головкин - Альварес қарымтасы белгіленген.

– Айтылған сөздерден кейінгі осы бір жеккөрініш... «Ауызыңды жап» деді, Сіз оларға «тоқта» дедіңіз...

– Оларға бұл сөздерді айтқан жоқпын. Сауль туралы айттым, ол допингпен ұсталды. Одан сынама 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен екі ай бұрын алынды, ол болса Вегаста жұдырықтаса алмайтынымызды бес аптадан кейін білдірді. Міне, осы айтқаным. Мен болмасам, басқа айтсын, бұл - шындық. Аузымнан оны кемсітетін ештеңе шыққан жоқ. Ақпарат көзіне қарағым келеді.

– Мұның алдында «Головкин тағы төрт-бес жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтайды» дегенсіз. Головкин қанша рет жұдырықтасқысы келеді және кіммен?

– Мұндай деңгейде соңғы жылдардағы Андре Уорд, Флойд Мейвезер, Владимир Кличко сияқты боксшылардың карьерасын да есепке алу керек. Олар жүрегі қаласа, қайта оралатын. Мәселе физикалық дайындықта емес, жаттығу үнемі бірдей болатын. Қанша жекпе-жек екенін айту қиын. Кеудеңде от лаулататын қарсылас керек. Егер оған залға оралуға себеп тапсақ, бәрі де мүмкін. Өйткені ең қиыны – жаттығу лагері. Жаттығу лагері 8-10 апта, Головкин мұнымен 20 жыл айналысып келеді. Сондықтан ол мезі етеді. Алда үш-төрт жекпе-жек болады деген үміттеміз. 

Чемпионның промоутері Том Леффлер бапкердің сөзін жалғастырды.

– Абельмен келісемін. Геннадий Сауль Альвареспен тайталастықты сезінеді. Бұл – бүгінгі таңдағы ең үлкен қарсылық. Орта салмақтың ең үздіктері жұдырықтасады. Головкин жеңсе, басқа да шақыртулар бар. Мысалы, Жапониядағы ТВ-да тамаша рейтингке жеткен Риота Мурата, жеңіліп көрмеген чемпион Билли Джо Сондерс және басқа да көптеген жекпе-жек. Альвареспен жұдырықтасқан соң көреміз. Жасы 36-да, физикалық тұрғыда төрт-бес жыл жұдырықтасу қиындық туғызбайды. Барлығы да шақыртуға байланысты. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Головкин 21-ғасырдың ең мықты боксшылары рейтингінде екінші орында Головкин мен «Канело» Лас-Вегасқа келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы