367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Вуэльта» көпкүндігі шешуші кезеңге жақындады

  • 205
  • UPD: 00:01, 13.09.2018

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке үш күн қалды.

Жексенбінің таңында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақтың мықтысы анықталады. Кеше бокс кеші өтетін шаһарға қос боксшы да келіп, көпшілікпен жүздесті. 

Бокс әлемі асыға тосқан Альварес-Головкин жекпе-жегіне санаулы күн қалды. Кеше боксшылар сайыс өтетін Лас-Вегас қаласына келді. Бір жыл бұрын дәл осы шаһарда екі мықты шаршы алаңға шығып, жеңімпазды анықтай алмаған еді. Бұл жолы екеуі де тас-түйін дайындықпен келген секілді. Орта салмақта шаршы алаңға шығатын боксшылар атақ-абыройдан бөлек қомақты қаржыға да кенеледі. Мексикалық жігіт кәсіпқой рингте 49 жекпе-жек өткізіп, 34-ін нокаутпен аяқтады. Қазақстандық былғары қолғап шебері 38 кездесудің 34-інде қарсыластарын сұлатты. 35-нокаут кімнің атына жазылуы мүмкін. Жауап алатын күн де жақын.

Сауль Альварес, кәсіпқой боксшы:

- Жекпе-жекке дейін біраз айтыстық-тартыстық. Езу тартар әңгімелер айттық, ащы кекесінге де орын бердік. Жауапты сайыс алдында бір жасап қалдым. Бұл жақсы идея болды. 

Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы:

- Дәл қазір Канелоға қарсы шығуға дайынмын. Біз бүгін тамаша күнді басымыздан кешіп жатырмыз. Алда керемет жекпе-жек күтіп тұр.

Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Астана уақытымен таңғы сегізде басталады. 

«Вуэльта» гранд туры шешуші кезеңіне жақындады. Бүгін Испания көпкүндігінің 17-кезеңі өтеді. 157 шақырымдық таулы жолда жалпы есепте топ жарудан дәмелі мықтылар сайысқа түседі. Олардың арасында «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес те бар. Колумбиялық велоспортшы кешегі 16-кезеңде 31-орыннан көрінді. 32 шақырымдық жекелей жарыста Австралиялық Роан Деннис жеңіске жетті. Жалпы есепте британиялық Саймон Йетс «қызыл жейдені» сақтап қалды. Екінші орында Алехандро Вальверде тұр. «Астана» капитаны алтыншы орынға сырғыды. Лопес қазір көшбасшыдан 1 минут 34 секунд ұтылып келеді. «Вуэльта» жексенбі күні аяқталады.

Астанада «Ұлы дала рухы» фестивалінің финалдық сайыстары басталды. «Дәулет» спорт кешенінде асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінің мықтылары анықталса, «Қазанат» атшабарында теңге ілу, аударыспақ, көкпар мен бәйгеден жарыстар өтеді. 700-ге жуық спортшының басын қосқан ойындардың жалпы жүлде қоры 27 миллион теңгені құрайды. Қазақ күресінен финалдық сынға Түркістан, Атырау, Астана және Шығыс Қазақстан балуандары жолдама алды.

Төрт өңірдің білекті жігіттері өзара бас жүлдені сарапқа салады.

Осы категория бойынша: « Головкин мен «Канело» Лас-Вегасқа келді ШҚО-да жеңіл атлетика клубының мүшелері кездесу өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы