374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» Головкиннің көзіне тік қарай алмады

  • 267
  • UPD: 11:37, 13.09.2018

Мексикалық боксшы Головкиннен қашқақтап жүрді.

Лас-Вегаста орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 15 қыркүйекте өтетін қарымта жекпе-жегіне арналған қорытынды баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл боксшылардың басы қосылған алғашқы шара. Қарымта жекпе-жек алдында Альварес допинг дауына қатысты айтылған сөздерден кейін Головкинмен бірге шара өткізгісі келмеген болатын.

Қорытынды баспасөз мәслихатында Головкин мен Альварес сахнаға шақырылды, алайда, мексикалық боксшы қарсыласына жақындағысы келмеді. Осыған байланысты жиналғандар дәстүрлі көз арбасуды тамашалай алмады. «Канело»  қазақстандықтың көзіне тек рингте ғана қарайтын сияқты. 

Осы категория бойынша: « ШҚО-да жеңіл атлетика клубының мүшелері кездесу өткізді Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы