369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің «Канеломен» қарымта алдында Назарбаевпен кездескен видеосы жарияланды

  • 193
  • UPD: 12:29, 13.09.2018
Головкиннің «Канеломен» қарымта алдында Назарбаевпен кездескен видеосы жарияланды akorda.kz

GGG президентке өз белбеулерін табыс етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездескені түсірілген видео пайда болд. Бұл Tengrinews.kz хабарлайды.

«Cені қыркүйекте өте маңызды кездесу күтіп тұр. Барлық қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық жекпе-жегіңді мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін және тәрбие көрсету үшін өте маңызды», - деді Назарбаев Президенттің телерадиокешені жариялаған видеода.

«Менің ісім – жеңу, қалғанын сіздің қолыңызға тапсырдым», - деп күлді боксшы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Головкинге «Қазақстан Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың» орденін табыстады.

Еске сала кетейік, мұның алдында маусым айында Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлаған болатын. «Елімізді таныту үшін бар күшімді сарп етемін. Орайы келсе, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Халқымыз осындай үлкен сауыққа лайық. Мұндайды көру барлығына қызық болады деген ойдамын», - деген еді Головкин.

Осы категория бойынша: « Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді «Канело» Головкин сияқты шағымдана бермейтінін айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы