369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада теңге ілу мен жамбы атудан ел чемпиондары анықталды

  • 218
Астанада теңге ілу мен жамбы атудан ел чемпиондары анықталды

Ат спортының екі түрінен де Түркістан облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді.

Олармен бірге өз аймағынан үздік шыққан Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе обылысының өрендері де бар өнерін ортаға салды. Бірақ бағы жанбады. Айта кетейік, «Ұлы дала рухы» фестивалі екі жарым айдан бері жалғасып келеді. Оның аясында ұлттық спортымыздың сегіз түрінен сайыстар өтіп жатыр. Қазақ күресінен түркістандықтарға қарсылас шыдамады. Ал тоғызқұмалақтан павлодарлық жігіттер мықты шықты. Асық атуда жамбылдықтардың сақасы алшысынан түсті. Ақтық кездесулер 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Нұрсұлтан Ибрагимов, Ұлттық ат спорты түрлері орталығының директоры:

– Жамбы ату және теңге ілу спорт түрлері бойынша үздік танылған төрт аймақтан іріктеліп шыққан спортшылар күш сынасуда. Күні кеше біз қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша мықтыларымызды анықтап, жеңімпаздарға «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің кубогын табыстадық. 16 қыркүйек күні осы жерде фестивальдің жабылу салтанатында көкпардың үшінші орны үшін кездесулерді тамашалайтын боламыз.

Осы категория бойынша: « Канело: Көп сөйлегенді ұнатпаймын Жалға берілетін ойыншыларға шектеу қойылуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы