369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда өтетін Гран-при турнирі Денис Тенге арналады

  • 433
  • UPD: 12:05, 14.09.2018
Францияда өтетін Гран-при турнирі Денис Тенге арналады youtube.com

Францияның Гренобль қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің соңғы кезеңі 19 шілдеде қаза тапқан Денис Тенге арналатын болады.

Францияның мәнерлеп сырғанау федерациясының атқарушы кеңесі осылайша Денис Тенге құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.

«Денис Францияға танымал, халық оны мейірімділігі мен жайсаңдығы үшін жақсы көрді», - деп жазады FFSG-нің Қазақстанның коньки тебушілер ұлттық федерациясына жіберген ресми хатында.

Гран-при 22-25 қараша аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Ақпарат көзі: sports.ru

Осы категория бойынша: « Футбол: 2030 жылғы әлем чемпионатын төрт ел қабылдауы мүмкін Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы