369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты

  • 344
  • UPD: 10:49, 14.09.2018
Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты sports.kz

Бапкер GGG-ге рематчта жеңілірек болады деген сенімде.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымтада үлкен қиындықтарға тап болмайтынына сенімділік білдірді.

«Мектепте бақылау жұмысын тапсырар алдында, қойылған сұрақтарға жауап табасыздар. «Канеломен» қарымта Головкин үшін сондай бір тест сияқты. Геннадий алғашқы жекпе-жекте жеңген. Оны бәрі біледі. Ал оның өзі «Канелоның» қолынан не келетінін біледі. Енді біз жоспарлап қойғанымызбен алғашқы жекпе-жекте көрсете алмай қалғанымызды іске асырамыз. Геннадий өте жинақы. Ол болып жатқан жағдайға қуанышты. Бұл рематчте бәрі тамаша», - дейді Санчес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымтасы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақытымен жекпе-жек 16 қыркүйек таңғы 8.00 мен 8.30 аралығында басталады. 

Осы категория бойынша: « Францияда өтетін Гран-при турнирі Денис Тенге арналады Рафаэль Надаль Дэвис кубогының жартылай финалына қатыспайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы