374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин мен Альварес салмақ өлшеді. Кім ауыр?

  • 265
Головкин мен Альварес салмақ өлшеді. Кім ауыр? vesti.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Қазақстандық боксшының салмағы 159,6 фунтты (72,393 кг) көрсетті. Ал Альварес 159,4 фунт болды. Отандасымыз қарсыласынан 91 граммға ауыр шықты. Екі боксшы да орта салмаққа сәйкес (160 фунт) салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Салмақ өлшеу кешінде екі боксшы көз түйістіріп, соңы жанжалға да ұласты.

Екі боксшы Лас-Вегастағы уақыт бойынша 15 қыркүйек күні кеште шаршы алаңға шығады. Ал Астана уақытымен 16 қыркүйектің таңына тура келеді. Қазақстандық спортсүйер қауым бокс кешін тікелей эфирде тамашалай алады.

Алдағы жекпе-жекте отандасымыз чемпиондық атағының барлығын қорғайды. Сондай-ақ иесіз тұрған The Ring чемпиондық атағы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі де жеңімпазға табысталады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « GGG Promotions ұйымының атынан шыққан боксшы алғаш рет жеңілді Ольга Рыпакова Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы