374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ольга Рыпакова Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысады

  • 161
Ольга Рыпакова Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысады m.yk-news.kz

Азия ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жеңісінен соң Өскеменге оралды.

Спортшы аздаған үзілістен соң Түркияға аттанады, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

1-21 қазан аралығында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жиынға қатысатын спортшылар арасында Ольга Рыпакова да бар. 

Еске сала кетейік, Азия ойындарынан соң Рыпакова IAAF құрлықтық кубогінде бақ сынап, күміске қол жеткізген болатын.

Ольганың маусымдағы үздік көрсеткіші – 14.26 метр.

Рыпакова келесі маусымда өтетін «Гауһар лигасы» мен Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Головкин мен Альварес салмақ өлшеді. Кім ауыр? GGG – «Канело». Жекпе-жек төңірегіндегі атмосфера қызып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы