374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметкерлер түскен доп додасы өз мәресіне жетті

  • 135
Мемлекеттік қызметкерлер түскен доп додасы өз мәресіне жетті

Бүгін мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар арасында 4 ай бойы өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Шағын футболдан ұйымдастырылған сайысқа 600-ден астам адам қатысты. Барлығы 20 команда өзара бақ сынасып, жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың арасында Президент әкімшілігі, Парламент, «Нұр Отан» партиясы, бірнеше министрліктің құрамалары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара мемлекеттік органдар қызметкерлері арасындағы байланысты нығайтуға зор септігін тигізді. Болашақта мұндай жарыстар спорттық басқа да түрлерінен өтеді деген жоспар бар.

Шыңғысхан Қожахметов, жарысқа қатысушы:

– Өте қажетті, пайдалы іс шара болды. Біріншіден, біз салауатты өмір салтын насихаттап отырмыз. Одан кейін дені сау ұрпақты тәрбилеп отырмыз. Және де мемлекеттік органдар арасында өзара іс әрекеттесу, қызметтен тыс уақытта спортық деңгейде достасу.

Осы категория бойынша: « GGG – «Канело». Жекпе-жек төңірегіндегі атмосфера қызып келеді Астанада балғын велоспортшылардың үздіктері анықталуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы