374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Давид Лемье қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

  • 102
  • UPD: 08:08, 16.09.2018
Давид Лемье қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді vesti.kz

Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы бокс кешінің андеркартында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Ол ирландиялық боксшы Гэри О'Салливанды бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам соққылар жасап, екеуі де алға ұмтыла түсті. Кезекті соққы алмасу кезінде Давид қарсыласын дәл күтіп, шапшаңдық танытты. Оның сілтеген жұдырығы қарсыласына дәл тиіп, ирландиялық боксшы нокаутқа түсті. Гэри О'Салливанның ес жия алмағанын байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осы категория бойынша: « Головкин T-Mobile аренасына келді Головкин – «Канело» жекпе-жегі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы