Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Моуринью жұрттың өзіне қатысты пікірімен келіспейді

  • 150
  • UPD: 10:36, 17.09.2018
Моуринью жұрттың өзіне қатысты пікірімен келіспейді Football365

«Таңдаулы» деп айдар тағылған Жозе Моуриньюдің қазір беделі бұрынғыдай емес.

Бірақ өзінің пікірі әлі де сол қалпы. «Манчестер Юнайтед» маусымды ала-құла бастағанда сынның астында қалған бас бапкер, талай жұрт менің кеткенімді қалайды. Алайда дәл мендей табысқа кенелген бапкер ағылшын премьер лигасында тым аз. Ал біріншілік енді басталды. Күні ертең жеңіске жетеміз деген. Шынында да қазір Манкуниандықтар сауатты өнер көрсетіп жүр. Өткен турда «Уотфордты» ұтты. Есеп 2:1.

Жозе Мауриньо, «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері:

- Ойын туралы ойым түсінікті. Қажетті ұпайды алдық. Жігіттер барын салды. Біршама жақсы ойнадық. Рас, бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер көп болып еді, мүлт кеттік. Сол жағы қынжылтады. Екінші таймда азу көрсете алмадық. «Уотфорд» ойынға қайта оралды дегендей. Айтпақшы, Хуан Мата мен Андера Эррера туралы екі ауыз сөз. Олардың командадан кеткенін қаламаймын. Бізге қажет футболшылар.

Хабар 24 телеарнасы