360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду итальян клубына қарсы матчтағы барлық голды соқты

  • 203
  • UPD: 11:09, 17.09.2018

Жазда «Реалдан» «Ювентусқа» ауысқан Португалия құрама командасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду Турин клубының сапында гол соға алмай жүр еді.

Соның сәті кеше түсіпті. «Қарт сеньорлар» сапында өнер көрсеткен ойыншы «Сассуоло» қақпасына бірден екі доп соқты. Матч 2:1 есебімен аяқталғанын ескерсек, Криштиану үлесінің шамасын байқау қиын емес. Үш тур бойы мергендік танытпаған Роналдудың көңілі көншімей жүргені анық. Тіпті Португалия құрамасының бас бапкерінен рұқсат сұрап, Италиямен өткен ойынға да бармай қалды. Сөйтсе ТУринде тыңғылықты дайындалыпты. «Шынымды айтайын, гол соғу мақсатым еді. Екі рет көзге түстім, командалас достарыма алғыс айтамын, олар барынша қолдады. «Реалдан» келген бетте бірден бейімделіп кету қиын еді ғой. Қазір көңіл күйім жақсы» депті жартылай қорғаушының өзі.

Хабар 24 телеарнасы