360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин мен Альварес үшінші мәрте жекпе-жекке шығуы мүмкін

  • 451
  • UPD: 22:27, 17.09.2018

Енді бокс жанкүйерлері біразға дейін Сауль Алварестің күн тәртібіне назар аударады. «Канело» Головкинге тағы бір мүмкіндік беруге дайын екенін мәлімдеді.

Келісім бойынша мексикалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасуы тиіс. Бұл жекпе-жек желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін.

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен үшінші мәрте шаршы алаңға шығуы мүмкін. Қарымта жекпе-жекке екі боксшы да қарсы емес. Алайда оған дейін уақыт керек. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің жаттықтырушысы Абель Санчес келер жылдың 5 мамырын дұрыс көреді. «Қазір Головикинге жылдың аяғына дейін демалу керек», - дейді Санчес.

 

ШҚО-да бокстан халықаралық турнир аяқталды

Головкиннің ізбасарлары еліміздің әр аймағында толып жүр. Қазір былғары қолғап киген жігіттердің қарасы көп. Жұдырықты жастардың басын қосқан шаршы алаң бәсекесі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында өтті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі, қоғам қайраткері Төлеутай Сүлейменовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир 7-рет ұйымдастырылды. Оған елімізден бөлек, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан жалпы саны 200-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты. Ең жеңіл салмақта түркістандық Арслан Жолдасбаев жеңіске жетсе, 54 келіде Аягөздік Дидар Болатбеков топ жарды. Өзбек пен қырғыз боксшылары да жеңіс тұғырынан көрінді.

Қуандық Шәріпханов, турнир жүлдегері:

- Осы жарысқа шет жақтан да адамдар келіп жатыр, жақсы балалар барлығы. Осы жарысқа қатысып, тәжірибе алып, ертең шет жаққа шықсақ, сол кезде сол балаларды танып көріп жатырмыз, пайдасы өте зор.

 

«Вуэльта» көпкүндігі: «Астана» капитаны үздіктер қатарында

Британиялық велоспортшы Саймон Йейтс алғаш рет Гранд-тур жарыстарында топ жарды. Ол кеше аяқталған «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы атанды. Испаниялық велошабандоз Энрик Мас екінші орынға тұрақтаса, «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес үздік үштіктен көрінді. Алехандро Вальверде ең белсенді спортшыға тиесілі «жейдені» кисе, Бельгиялық Томас Де Гендт тау жолдарының мықтысы атанды.

 

Хорватия теннисшілері Дэвис кубогының финалына жолдама алды

Хорватия теннисшілері АҚШ командасынан басым түсіп, Дэвис кубогының финалына жолдама алды. Жартылай финалдағы шешуші бесінші ойында Борна Чорич Фрэнсис Тиафоны жеңді. Есеп 6:7, 6:1, 6:7, 6:1, 6:3. Жалпы нәтиже:3:2. Хорватия Дэвис кубогын Франция теннисшілерімен сарапқа салады. Үш жолақты елдің жігіттері Испания командасын ұтты.

Хабар 24 телеарнасы