366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: Чемпиондар лигасының жиырма жетінші маусымы басталады

  • 202
Футбол: Чемпиондар лигасының жиырма жетінші маусымы басталады

Бүгін чемпиондар лигасының жиырма жетінші маусымы басталады.

УЕФА туы астында өтетін дүбірлі додаға бүкіл дүние жүзі көз тігетіні анық. Осы тұста кейбір қызықты деректерді айта кетейік. «Порту» қақпашысы Икер Касильяс чемпиондар лигасына жиырмасыншы рет қатысайын деп отыр. «Баварияның» жартылай қорғаушысы Томас Мюллер 100 матч өткізген 35 ойыншының қатарына кіруі тиіс. Джанлуиджи Буффонның «ПСЖ» қақпасын күзетуі де жаңалық. Ол алғаш рет чемпиондар лигасында 1997 жылдың желтоқсанында өнер көрсеткен. «Парма» сапында «Галата-сарайға» қарсы өнер көрсеткен. Ал «Барселона» «Камп Ноуда» Голландияның «ПСВ Эйнд-ховенімен» сынға түседі. Қонақтардың бас бапкері Марк ван Боммель «менің шәкірттерім Мессидің жейдесіне таласқанша, маңызды іске мән берсін. Біздерге жейдеге қарағанда, абырой қымбат», – депті.

Хабар 24 телеарнасы