366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юрген Клопп: Неймарға қарсы ойнау қиын

  • 203
Юрген Клопп: Неймарға қарсы ойнау қиын Sportbox

Чемпиондар лигасы бірден от алатын турнир.

Егер бірінші турда «ПСЖ» «Ливерпульді» қабылдап жатса, өзгеше айту мүмкін емес. Биыл қос қарсылас та мықты. «ПСЖ» жаңа маусымда алты рет алаңға шығып, алтауында да жеңіске жетті. «Ливерпуль» бес тур бойы ешкімге дес бермеді. Тіпті өткен аптада «Тоттенхэхмнің» өзін тас-талқан ұтты. Неймар мен Мұхаммед Салах бетпе-бет келетін ойын көрерменге ұнайтыны анық қой. «Ливерпуль» кездесуге тас-түйін дайын. Матч алдындағы жаттығуын бақылағандар ағылшын командасының көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқапты. Оны бас бапкер Юрген Клопп та жоққа шығармайды.

Юрген Клопп, «Ливерпуль» командасының бас бапкері:

– Шәкірттерімнің көңіл-күйі жақсы. Чемпиондар лигасына тыңғылықты дайындықпен келді. Қарсыласымыз осал емес. Оны да жақсы түсінеміз. Әсіресе, Неймарға қарсы ойнау қиын. Кейбіреулер оны құлай беретіні үшін сынайды. Дұрыс қой. Өзін өзі сақтамаса болмайды. Фирминьоның алаңға шығуы екіталай. Өзге шәкірттерім бабында.

Хабар 24 телеарнасы