366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Альварестің допингпен ұсталғаны рас па?

  • 438
  • UPD: 22:36, 18.09.2018

Сауль Альварес тағы да допингпен ұсталды. Дәл осындай ақпарат таяуда әлеуметтік желіні шарлап, елді елең еткізді.

Бірақ бұл хабар жалған екен. Бұл жөнінде отандық кәсіпқой бокс федерациясы президентінің орынбасары Виктор Демьяненко «Вести.кз» порталындағы әріптестерімізге берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай ұйым бұл ақпаратты растамаған. Әсіресе, белдіктері таласқа түскен WBA, WBC және IBO тараптары үнсіз. Сондықтан хабарлама ешқандай шындыққа сәйкес келмейді. Бұған қоса Виктор Демьяненко допингке қарсы сынама жекпе-жекке дейін де, жекпе-жектен кейін де алынатынын айтты. Сондықтан боксшылардың тыйым салынған препарат қолданып ринке шығуы екіталай екен. Айта кетейік, кешелі бері әлеуметтік желілерде мексикалық боксшының тағы допингпен ұсталып, белдіктерін қайтаратыны туралы ақпарат таралып жатыр. 

Бірер аптадан кейін төрткүл дүниенің киокушин шеберлері тағатсыздана  күтіп жүрген абсолютті Жапония чемпионаты басталады. Бұл каратэден әлем мықтысын анықтайтын жылдың басты бәсекесі. Аталған сынға Қазақстан атынан 2 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Яғни ерлер арасында Нұрлыхан Садуақасов, ал қыздар арасында Аина Болат ел намысын қорғамақ. Қазір қос спортшы да білікті мамандардың қадағалауымен қызу дайындалып жатыр. Айта кетейік, бізде бұрын соңды Жапония чемпинатында топ жарған ешкім болмады. Сондықтан Ұлттық республикалық кикушинкай-кан федерациясы екі жерлесіміз тарихи қадам жасайды деп үлкен үміт артып отыр.

Бүгін түнде футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген Чемпиондар Лигасы басталады. 1-тур аясындағы ең тартысты матчтардың бірі Испанияда болады деп күтіліп отыр. Жергілікті «Барселона» өз алаңында нидерландтық «ПСВ» клубын қабылайды. Сарапшылардың басым бөлігі алаң иелері жеңіске жетеді деген пікірде. Өйткені «Барселона»  өз стадионында өткен соңғы 20 кездесудің 19-ында басым түскен. Ал «ПСВ» болса Чемпиондар Лигасы аясында сырт алаңда 2007 жылдан бері жеңіске жетпепті. Сонымен қатар тағы бір қызықты матч ағылшынның «Ливерпулі» мен Францияның «ПСЖ-сы» арасында болмақ. Өйткені, қос команда да өз еліндегі біріншіліктерді сәтті бастап, соңғы 5 кездесуде де жеңіске жетті. Бұл ойын Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы