360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкинді жеңген Альварес чемпиондық белбеулерін қорғайтын күн аталды

  • 238
Головкинді жеңген Альварес чемпиондық белбеулерін қорғайтын күн аталды vesti.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы және The Ring журналының белбеуіне ие мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) қарымтада қабағы жарылғанына қарамастан, 2018 жылы тағы бір жекпе-жек өткізбек, – деп жазады vRINGe.com.

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес жекпе-жектің өтуі мүмкін күнді атады. 

«Альварестің промоутері Эрик Гомес боксшымен осы аптада кездесетінін мәлімдеді. Қабағының жарылуын және чемпионның атақтарын алғаш рет қорғауын 15 желтоқсанда өткізуді талқылайды. Альвареске басты қарсылас Давид Лемье болып тұр», – деп хабарлады LA Times басылмының тілшісі Лэнс Пагмаер.

Айта кетейік, Лемье В 2015 жылы IBF белбеуін алғаш рет Головкнге қарсы жекпе-жекте қорғап, жеңіліп қалған (2018 жыл маусымда ұйым өз белбеуін қазақстандықтан алып қойған болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы