365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің жеңілісіне байланысты орта дивизион рейтингіне өзгерістер енді

  • 211
Головкиннің жеңілісіне байланысты орта дивизион рейтингіне өзгерістер енді vesti.kz

Қазақстандық Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен жеңілуіне байланысты ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингіне өзгерістер енді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімді бастап тұрған Головкин бір саты төмен сырғып, бірінші орынға Альварес көтерілді.

Сонымен қатар канадалық Давид Лемье жетінші орынға көтерілді де, Риота Мурата бір саты төмен түсті.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен мексикалық жеңімпаз атанды, ал қазақстандық үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.

Осылайша, Альварес WBC, WBA (Super) және IBO, сондай-ақ The Ring белбеуіне ие болды. Кейін «Канело» IBO белбеуі үшін санкциялық төлемнен бас тартып, ұйымның чемпиондығы бос қалғаны белгілі болды. 

Осы бокс кешінде Лемье WBA желісі бойынша ирландиялық Гэри «Спайк» О'Салливанды (28-3, 20 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.

ESPN рейтингінің толық тізімі:

  1. Сауль Альварес
  2. Геннадий Головкин
  3. Дэниэл Джейкобс
  4. Билли Джо Сондерс
  5. Джермалл Чарло
  6. Сергей Деревянченко
  7. Давид Лемье
  8. Риота Мурата
  9. Мартин Мюррей
  10. Деметриус Андраде

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы