366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» чемпиондық белбеуден айырылды

  • 437
  • UPD: 23:54, 19.09.2018

Сауль Альварес ІВО чемпиондық атағынан айырылды.

Мексикалық боксшы халықаралық бокс ұйымына белбеу үшін жарна төлеуден бас тартыпты. Бұған дейін бұл тұжырымдағы чемпиондық белбеу Геннадий Головкинке тиесілі болып келген. Өткен жексенбіде Альварес қазақстандық боксшыдан басым түсіп, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. ІВО белбеуі өзге ұйымдарға қарағанда, аса беделді емес екені де белгілі.

 

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» – «ПСЖ»

Кеше УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары өтті. Жанкүйерлер назарын аударған орталық кездесуде «Ливерпуль» «ПСЖ» командасынан басым түсті. Есеп: 3:2.

Юрген Клопп, «Ливерпуль» ФК бас бапкері:

– Бұл бір тамаша матч болды. Біз батыл әрі жанқиярлықпен ойнадық. Қарсыластардың еркін қимылдауына мүмкіндік бермей, сауатты қорғандық. «ПСЖ» командасымен соңына дейін ойнадық. Жеңіске жету үшін бар күшіңді сарқу керек. Сонда ғана жоспарың орындалады.

 

Чемпиондар лигасы: «Валенсия» – «Ювентус»

Екі жылдық үзілістен кейін «Валенсия» чемпиондар лигасына қайта оралды. Испания командасы топтық кезеңдегі алғашқы турда «Ювентусты» қабылдайды. Көпшілік бұл матчта Роналду бастаған туриндік клубтың жеңіске жақын тұрғанын айтады. Кеше португалиялық футболшының басты бәсекелесі Лионель Месси чемпиондар лигасындағы сегізінші хет-тригін жасап, жеке дара алға шықты. «Барселона» шабуылшысы үш доп соққанын айта кетейік. Енді Мессиден қалыспауды көздейтін Роналдуға жұрт назары ауады.

Хабар 24 телеарнасы