366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кличко Гарвард университетінде дәріс оқиды

  • 160
  • UPD: 08:45, 20.09.2018
Кличко Гарвард университетінде дәріс оқиды РИА Новости

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко Гарвард университетінің (АҚШ) дәріскері болады.

Бұл туралы оның бауыры, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко «Бабель» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өз сөзінде Владимир әлемдегі беделді университеттердің бірінде менеджмент бойынша дәріс оқитындығын мәлім етті.

 «Ол шынында да жақсы менеджер. Владимир үш -төрт жылдан бері швейцариялық Санкт-Галлена университетінде дәріс оқиды.

Биыл оған Гарвардта дәріс оқуға ұсыныс түсті. Владимир келісімін берді»,- деді бауыры.

Владимир Кличко өз спорттық жолында ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанған. Ол кәсіби бокстағы спорттық мансабын 2017 жылы қатарынан екі рет жеңілгеннен соң аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы