366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғайды

  • 179
  • UPD: 08:55, 22.09.2018
УЕФА Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғайды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында өткен испаниялық «Валенсиямен» болған матчтан кейін «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғайды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Форвардқа қатысты іс 27 қыркүйекте этика және тәртіп бойынша басқармамен қарастырылады. Әзірге, ойыншы «Янг Бойз» командасымен ойынға шықпайды (2 қазан), бірақ оның дисквалификация кезеңі ұлғайтылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте Роналду «Валенсиямен» матчта қызыл карточка алды. 33 жастағы футболшы өзінің мансабында алғаш рет Чемпиондар Лигасында қызыл қағазға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы