360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Геннадий Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды

  • 289
  • UPD: 12:19, 22.09.2018
Геннадий Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды

Төрешілер шешімі Головкиннің көңілін қалдырды, дейді Абель Санчес. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес команда GGG-дің Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегіндегі жеңілісін қалай қабылдағанын айтты.

Абель Санчестің пікірінше, әрбір команда жеңіліске ұшыраған кезде жеңдім деп ойлайды. Бұл туралы Sports.kz жазды, деп хабарлайды Sputniknews.kz хабарлайды.

«Біз жеңіске жеттік деп есептейміз, «Канелоға» жеңісті берген екі төрешіден басқаның бәрі солай ойлайтын секілді», - деп атап өтті бас бапкер.

Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің көңілі қалған, ол Лас-Вегаста «жергілікті» боксшыға басымдық берілетініне аздап қапаланған.

«Шешімді өзгерту үшін ештеңе істей алмаймыз. Біз Геннадийді ұлттық чемпион деп есептейміз, адамдар да ол жеңді деп ойлайды», - деп жазды Санчес Reddit сайтында.

Хабар 24 телеарнасы