365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гол соққанына қуанған футболшы оңбай құлады (бейне)

  • 132
  • UPD: 16:20, 22.09.2018
FFS TV

«Цюри» хавбегі Бенджамин Коллоли Еуропа лигасында кипрлік АЕК-ке қарсы ойында гол соққанына қатты қуанып, көрермендерге қарай жүгіріп бара жатқан жерінде оңбай құлады.

Осы жәйттің видеосы YouTube желісіндегі FFS TV каналында жарияланды.

Ойынның 61-минутында пенальти орындаудан мүлт кетпеген Коллоли швецариялық клубтың жанкүйерлеріне қарай жүгірген. Футболшы жарнамалық тосқауылдарды секіріп өтіп, ары қарай тағы бір тосқауылдан секіремін деп үлкен орға түсіп кетті.

Кипр футболшылары қарсыластардың соққан голына жауап қайтара алмады. Кездесу швейцариялық клубтың пайдасына шешілді. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы