366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер атып кетті

  • 129
  • UPD: 16:53, 22.09.2018
NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер атып кетті vesti.kz

Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) чемпионы Ричард Джефферсонның әкесін белгісіз біреулер Калифорния штатындағы Комптон қаласында атып кетті, - деп хабарлайды TMZ.

65 жастағы Ричард Джефферсон (үлкені) алкогольдік ішімдік сататын дүкеннің маңында тұрған. Осы кезде жол жөнекей өтіп бара жатқан көліктен белгісіз біреулер оқ ата бастаған. Баскетболшының әкесінің жанында тағы екі адам болған. Джефферсон ауруханаға жеткізілген, алайда ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Полиция осы дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ричард Джефферсон (кішісі) 2016 жылы «Кливленд Кавальерс» сапында NBA чемпионы атанды. Қазіргі уақытта ол «Денвер Наггетс» намысын қорғап жүр. 2004 жылы баскетболшы АҚШ құрамасының сапында Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы