366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде жеңілді

  • 164
  • UPD: 21:57, 22.09.2018
Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде жеңілді olympic.kz

Бакуде дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандықтар бүгін жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

73 келідегі команда үздігі Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде моңғолиялық балуаннан ұтылып қалды. 

Смағұлов топтық кезеңде Швейцария, Черногория, Косова балуандарын жеңіп, жапондық Соичи Хашимитодан жеңіліс тапқан болатын. Алайда жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Галбатар Олдбайардан жеңіліс тапты. 

Осы салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Бекәділ Шаймерден мен 57 келідегі Севара Нышанбаевалар бірінші айналымнан аса алған жоқ. 

Еске сала кетейік, Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола, 66 келідегі Ерлан Серікжанов күміс жүлдегер атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы