366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джошуа Поветкинді нокаутқа түсірді

  • 134
  • UPD: 12:56, 23.09.2018
Джошуа Поветкинді нокаутқа түсірді eurosport.ru

Лондондағы «Уэмбли» аренасында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен WBA Regular нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Александр Поветкин арасында кәсіпқой бокс кеші өтті.

Бұл туралы деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап, ҚазАқпарат сайты хабарлайды.

Кездесудің алғашқы бөлімінде боксшылар тең келе жатқан, алайда Поветкин қарсыласын алғашқы раундтың соңында әжептәуір қалжыратып тастады. Ресейлік қашықтықты ұдайы қысқартуға тырысып, бүйір жақтан соққы жасауға әрекет жасады. Ал Джошуа ресейлік боксшымен бетпе-бет келуге тырысты.

Жетінші раундта Джошуа белсенділік танытып, шабуылды үдете түсті және қатарынан бірнеше соққысын дарытып үлгерді. Нәтижесінде ресейлік нокдаунға түсіп, әзер дегенде есін жиды. Джошуа болса шабуылын одан сайын күшейте түсіп, Поветкиннің қорғануға шамасы келмей қалды. Төреші сайысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы